Біз туралы

Біз туралы

Біз туралы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің халықаралық аккредитациядан өтуі – дербес білім беру ұйымының (ДББҰ) жоғары Қамқоршылық кеңесімен бекітілген 2020 жылға дейінгі ДББҰ-ның Даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Халықаралық аккредитациялау ұйымдары қарастырылып, халықаралық аккредитациялау бойынша стратегиялық серіктес ретінде Халықаралық мектептер кеңесі, Нидерланд (Council of International Schools) анықталды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қызметін халықаралық ұйымдармен бағалау – мониторинг және сапаны бағалау жүйесінің негізгі мақсаты болып саналады. Халықаралық аккредитация мектептің қызметін үздіксіз жетілдірілуін қамтамасыз ету, мектептердің көрсететін білім беру қызметтері сапасының халықаралық мойындалған Council of International Schools стандарттарына сәйкестігін растау және білім беру қызметтеріне әділ баға беру мақсатында өткізіледі.

Халықаралық аккредитация “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ-ның Білім беру сапасын бағалау департаментінің жобасы болып табылады.

Халықаралық аккредитация жобасы туралы толығырақ ақпаратты келесі байланыс телефондары арқылы біле аласыз:

тел. +7 7172 235 700 (ішкі нөмір 1020, 1085, 1127)

email: acc@nis.edu.kz